Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды
Астанада 35 жастағы ер адам иесіз тұрған BMW көлігін көріп, ерекше әдіспен ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция мәліметінше, күдікті біраз уақыт бойы BMW-325 көлігін бақылап, оның иесіз екеніне сенімді болған. Жұрт назарын аудартпас үшін эвакуатор шақырып, жүргізушіге нақты ниетін айтпастан, көлікті өз үйіне жіберткен.
Алайда айласы жүзеге аспай қалды. Сарыарқа ауданының полицейлері көліктің «жаңа иесін» тез анықтап, қолға түсірді. Ер адам бөлімшеде өз кінәсін мойындаған. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті заң алдында жауап береді.