Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Қазақстанда жаздың соңғы айы тұрақсыз ауа райымен басталады, деп хабарлайды синоптиктер. Республика аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтуін жалғастырады. Олар найзағайлы жаңбыр, бұрқасын жел мен бұршақ әкеледі. Елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылдар, сондай-ақ республика бойынша температураның күрт ауытқуы күтіледі. «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың тамыз айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің дерегінше, тамыз айы Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райымен басталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында күшті жаңбыр, бұршақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.
Айдың алғашқы онкүндігінде:
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде «температуралық ауытқулар» болады – ыстық күндер салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады.
Негізгі ауа температурасы фоны: