Прокуратура колледж қызметіне тексеріс жүргізді
Маңғыстау облысының прокуратурасы колледж бухгалтерінің 243 млн теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру нәтижесінде колледждің бас есепшісі іссапар, шәкіртақы төлемдері және салық міндеттемелеріне бөлінген 243 миллион теңгені өзінің жеке шотына заңсыз аударғаны белгілі болды.
Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» ретінде сараланып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
2025 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау аудандық соты бас есепшіні Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, сотталушы 10 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.