Бейжің Масктың спутниктеріне алаңдаулы
Қытай билігі Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктерінің ықпалына алаңдап отыр. Associated Press агенттігінің мәліметінше, Қытайдың әскери және үкіметтік сарапшылары спутниктерді залалсыздандыру жолдарын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қытайлық зерттеушілердің мәліметінше, Starlink спутниктері әскери операциялар кезінде пайдаланылуы мүмкін, бұл қауіп-қатерлерге әкеп соғуы ықтимал. Осы себепті, оларды бейтараптандырудың түрлі тәсілдері қарастырылуда.
Қытайлық сарапшылар бірнеше ықтимал сценарийді атап өтті:
Бүгінде ғарыштағы барлық белсенді спутниктің үштен екісі Starlink жүйесіне тиесілі. Бұл шамамен 8000 спутник және олардың саны үнемі артып келеді.
SpaceX компаниясы 140 елге интернет қызметін ұсынып отыр, бірақ Қытай, Иран және Солтүстік Корея бұл тізімге кірмейді.