Бокстан Азия чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева ел қоржынына алғашқы медальді салды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол жапон боксшысы Нон Госогаваны нокаутпен жеңді

Фото: pixabay

Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған Азия-2025 жастар чемпионатында үшінші күн өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздар арасындағы жекпе-жектер

Гүлназ Бөрібаева (48 кг) Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салды. Ол жапон боксшысы Нон Госогаваны нокаутпен жеңді.

Сымбат Алиасқар (54 кг) жүлдеге бір табан жақын болды, алайда Тайвань спортшысы Чинь Линь Чуге төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Ерлер арасындағы нәтижелер

Әділет Тортубек (60 кг) үндістандық Шубхамды бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Ал Әділбек Қожахан (55 кг) Тайвань боксшысы Чиа Фен Пенге есе жіберді.

Мұхит Нұрқабылұлы (65 кг) да дәл осындай бөлінген шешіммен үндістандық Маусам Сухагтан жеңілді.