Екі көлік соқтығысты
Астана-Петропавл бағытындағы тасжолдың 243-шақырымында Hyundai Elantra мен ВАЗ-2107 маркалы көліктер соқтығысып, ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВАЗ-2107 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал Hyundai Elantra көлігінде болған жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру, әсіресе жолдағы қозғалыс көп учаскелерде мұқият болу қажеттігін ескертеді.