Олар серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көктөбені аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Telegram желісіндегі БОРТ N1 каналының мәліметінше, Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының көрнекі жерлерінің бірі саналатын Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізгені хабарланған болатын.