Ведомство найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіқазақстандықтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Найзағай кезінде үй ішінде мыналарды жасау маңызды:
Егер сіз найзағай кезінде сыртта жүрген болсаңыз, келесі кеңестерді ұстаныңыз:
Ашық далада немесе орманда жүргенде:
«Найзағай кезінде адам өмірі қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Сондықтан әр азамат өзін және жақындарын қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі және орындауы керек», – делінген ҚР ТЖМ мәлімдемесінде.
Найзағай – табиғи құбылыс болғанымен, адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, ашық кеңістікте, су маңында немесе металл заттардың жанында болғанда, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Қазақстанда жыл сайын жүздеген найзағай тіркеледі және оның салдарынан адам шығыны мен материалдық зиян да болады.