Димаш Құдайбергеннің қарындасын ұзату тойында Игорь Крутой құттықтады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әншінің қарындасы – Раушан Құдайбергеннің ұзату тойы өтті

Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасын ұзату тойында ресейлік композитор Игорь Крутой құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің қарындасы – Раушан Құдайбергеннің ұзату тойы өтті. Оған танымал тұлғалар қатысты. Олардың арасында Игорь Крутой да бой көрсетті.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой осыған дейін бірнеше танымал әнін бірге орындаған.

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген күйеу жігітімен бірге кең далада фотосессияға түсіп, оны көпке көрсеткені хабарланған болатын.