«Беті неге салбырамайды»: Дженнифер Лопес Ләйлә Сұлтанқызын таңдандырып кетті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тележүргізушіні Джей Лоның энергетикасы таңғалдырды

Фото: instagram.com/jlo / YouTube/DIN DINA SHOW/Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Астанада концертін өткізген әйгілі әнші Дженнифер Лопес туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізші концерттен кейін құрбысымен бірге Джей Лоның энергетикасын бірлесе талқылады.

«Мама, талқылап келе жатырмыз. 56 жастағы Дженнифер қалай шаршамайды, не деген би, не деген энергетика, не деген киім ауыстыру, неге оның беті салбырамайды?! Бір гәп бар. 60-қа келген адам тоқтамастан билеп, ән айтуы мүмкін емес деп ойлаймын. Фонограмма қосылған ба? Бір ырсылдамайды», - деп Ләйлә Сұлтанқызы құрбысымен бірге ойын жеткізді.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Астанада әйгілі әншінің концерті өткен болатын.