Атырауда із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Автор: Алмас Ерсін

Кетер алдында ол телефонын үйде қалдырып, барлық контактіні өшіріп, құрылғының жадын тазалап қойған

Фото: istockphoto.com

Атырауда 24 жастағы Жасұлан Үмбетовтің жоғалып кету оқиғасының соңы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жас жігіт жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ақпаратты туыстары, сондай-ақ тәртіп сақшылары растады. Оның мәйіті 1 тамыз, жұма күні Жайық өзенінен табылды.

Жоғалған Аслан Үмбетовтің ағасының айтуынша, Жасұлан телефонын үйде қалдырып кеткен, бұған дейін барлық контактіні өшіріп, құрылғының жадын тазалаған.

Жасұланды соңғы рет Алмагүл ықшам ауданындағы бейнебақылау камералары түсірген.

«Осыдан кейін ол еш жерде: көшеде де, қоғамдық орындарда да көрінбеді. Біз полицияға хабарластық, барлық таныс жерді араладық, достарымен және әріптестерімен сөйлестік – ешқандай ақпарат жоқ. Полиция іздестіріп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Біз қаралы хабар аламыз ба деп қорқамыз. Алайда әлі де оны тірі табамыз деп үміттенеміз», - деген еді ағасы бұған дейін.

Атырау облыстық полиция департаменті 26 шілде күні сағат 21:00-де 2001 жылы туған азаматтың жоғалғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.