Алматыда алимент төлемегендердің көліктері тәркіленіп жатыр

Автор: Асыл Арман

Өндірілген қаражаттың жалпы сомасы 74 миллион теңгеден асты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда алимент төлемейтіндерден қарызды өндіру шаралары үшін жыл басынан бері 22 автокөлік тәркіленіп, арнайы айыптұрағына қойылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өндірілген қаражаттың жалпы сомасы 74 миллион теңгеден асты.

Прокуратураның мәліметінше, бір борышкердің қарызы 11 миллион теңгеге жеткенін айтты. Сот үкімімен ер адам бас бостандығынан айырылған.

Алимент төлемдерін өндіріп алу жұмысы әлі де жалғасып жатыр.