Тоқаев Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні атап өтіліп жатыр

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентін құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.