Алматы тұрғыны ірімшік ішіндегі сәлемдеме үшін 16 жылға сотталып кетті

Автор: Алмас Ерсін

Ірімшік атын жамылған тыйым салынған жүк Қазақстанға жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Алматыда ер адам аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізіп, сатқаны үшін 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәлемдеме ішінде жасырған

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қала тұрғынын аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және сату қылмысы үшін кінәлі деп таныды.

«Тергеу және сот процесі барысында оның есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны анықталды», - деп жазылған сот хабарламасында.

Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен «Cheddar» ірімшігі түрінде жеткізілген. Алушы сәлемдеме ішіндегі заттарды үшінші тұлғаларға беруді жоспарлаған.

Сот үкімі шықты

Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық әрекет зат сатылғанға дейін әшкереленді.

Мемлекеттік айыптаушы ауыр жаза тағайындау қажеттілігін негіздеді, сот бұл уәжбен келісіп, сотталушыға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.