Ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 540,78 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,42 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк белгілеген ресми доллар бағамы 2025 жылғы 31 шілдеге – 546,36 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 539,87 теңгеден сатып алып, 542,3 теңгеден сатып жатыр.
Астанадағы айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 538,44 теңгеден сатып алынып, 545,42 теңгеден сатылып жатыр.