Бұл қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктердің мәліметінше, 31 шілде күні еліміздің бір қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмауына әкелетін ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты.
«2025 жылғы 31 шілде күні түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) деген не және ол қаншалықты қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың жиналуына себеп болады. Мұндай жағдай ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі, әсіресе тығыз құрылыстар орналасқан немесе өнеркәсіптік аймақтарда.