«Қазақстан халқына» қоры мектеп бітірген жастарға арнап 500 грант бөлді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
Айта кетейік, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Білім беру гранты бір реттік тәртіппен атаулы грант негізінде ұсынылады. Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен «бакалавр» дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған тұлғаларға екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға берілмейді.
«Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ/Филиал ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті шекті балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан құрайды. Тізім жоғары оқу орнының немесе филиалдың конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде рәсімделеді.
ЖОО тізімі, грант саны және іске асыру жоспары бойынша толық мағлұматпен «Қазақстан халқына» ҚҚ ресми сайтында qazaqstanhalqyna.kz таныса аласыздар», – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.