Газа секторында 10 сағаттық «тактикалық үзіліс» қайта енгізілді
Израиль әскері Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізу үшін 10 сағаттық тактикалық үзіліс енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Әскерилердің жоспарына сәйкес, соғыс әрекеттері жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін үш аймақта уақытша тоқтатылады. Бұл аймақтар:
Мақсат – БҰҰ мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге мүмкіндік беру.
Дүйсенбі күні Шотландияда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге сөз сөйлеп, Газадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Израиль премьері Биньямин Нетаньяхудың «Газада аштық жоқ» деген сөзіне байланысты қойылған сұраққа Трамп:
«Теледидардан көріп отырғаныма қарағанда, мен онымен келіспеймін. Бұл балалар өте аш жүргендей көрінеді», — деп жауап берді.
Кир Стармер болса, Трамптан да ашық әрі қатаң мәлімдеме жасап, Газа секторындағы ахуалды: «Гуманитарлық дағдарыс пен абсолютті апат», – деп бағалады.
Ол соғысты дереу тоқтатып, ХАМАС-тың қолында қалған израильдік тұтқындарды босатуды талап етті.
Израиль билігі жексенбі күні өз гуманитарлық саясатына өзгеріс енгізіп, жүк керуендері үшін қауіпсіз бағыттар ашатынын мәлімдеді.
БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясының жетекшісі Том Флетчердің айтуынша, мұндай күнделікті тактикалық үзілістер бір апта немесе сәл ұзағырақ жалғасуы мүмкін.