Ол Түркияның «Бешікташ» командасынан ауысты
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бақтиер Зайнутдинов енді ресми түрде Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) «Динамо» (Мәскеу) клубында өнер көрсетеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Футболшы Түркияның әйгілі «Бешікташ» клубынан ауысты. Transfermarkt порталының мәліметінше, «Динамо» оның трансфері үшін 2,8 миллион еуро төлеген.
Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені
«Динамо» клубы Instagram парақшасында арнайы бейнеролик жариялап, онда Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген екендігіне назар аударған.
2023/2024 маусымында Зайнутдинов «Бешікташ» сапында Түркия кубогын жеңіп алған.
Бұған дейін ол Ресей Премьер-лигасында «Ростов», ЦСКА (Мәскеу) клубтарында ойнаған.
Қазақстанда ойнаған командалары