Алматы тауларында тау ауруына шалдыққан жасөспірім құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары Алматы маңындағы тауларда өзін нашар сезінген жас жігітке көмек көрсетті. Оқиға кеше, Ғарыш станциясы аумағында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2005 жылы туған жігіт теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте тауға көтерілу кезінде денсаулығы күрт нашарлап, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.
Көмекке дереу шыққандар:
Құтқару операциясынан кейін жас жігіт тексеру үшін Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол тау ауруының белгілеріне байланысты өзін жайсыз сезінген.