«Қазгидромет» 28 шілде, дүйсенбіге жасалған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары болады, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оралда 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы, Талдықорған, Қарағанды қалаларында найзағай ойнайды.
Ақтау, Атырау, Қызылорда қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында, Алматы, Жетісу облыстарында найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі бар.
Шымкент, Түркістан қалаларында, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өрт қаупі сақталады.