Сорбұлақ су қоймасының аймағында іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр
Сорбұлақ су қоймасы аумағында 2025 жылдың 25 шілдесінде жоғалып кеткен әуе қорғанысы күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздестіру құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
«Операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті жерде құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов басшылық жасап жатыр. Ол барлық тартылған бөлімшенің іс-әрекетін үйлестіреді.
Қорғаныс министрлігінен:
Төтенше жағдайлар министрлігінен:
Ішкі істер министрлігінен:
Әкімдіктен:
Жету қиын және терең учаскелермен қоса акватория мен жағалау аймағын кешенді зерттеу жүргізіліп жатыр. Іздеу шаралары күндіз де, түнде де тоқтамайды.
Жоғалған адамдардың туыстарымен ұдайы байланыс ұйымдастырылды. Оларға операцияның барысы туралы уақтылы хабарланады.
Сорбұлақ – ірі жасанды көлдердің бірі, Алматы облысының солтүстік-батысындағы табиғи тұйық ойпатта орналасқан қалдық су жиыны. Іздеу жұмыстары бірқатар факторға байланысты күрделене түскен:
Бұл табиғи және техногендік ерекшеліктер операцияға қатысушылардың бәрінен барынша дәлдікті, техникалық жабдықталуын және іс-әрекеттерінің үйлесімділігін талап етеді.
Іздестіру құтқару іс-шаралары түпкілікті нәтижелер алынғанға дейін жалғасады. Барысы мен қорытындылары туралы қосымша хабарланады.
Бұған дейін хабарланғандай, EC-145 әскери тікұшағы жоспарлы ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында үш экипаж мүшесі болған.