Қалада өрт қауіпсіздігінің ең жоғары — бесінші деңгейі жарияланды
Алматы қаласында күннің аптап ыстығына байланысты өрт қауіпсіздігінің ең жоғары — бесінші класы жарияланды. Қала билігі мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыда 28 шілдеге дейін күн +35–39° аралығында ыстық болады деп күтілуде. Осыған байланысты ТЖД мамандары қала маңында бесінші деңгейлі төтенше өрт қаупі жарияланғанын мәлімдеді.
«Мұндай ауа райында кішкентай ғана ұшқынның өзі үлкен өртке себеп болуы мүмкін. Қазір қала бойынша 104 шақырым аумақта құрғақ шөп шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.
Төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға бірқатар қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:
«Ережені елемегендер заң бойынша жауапқа тартылады», – деп ескертті ТЖД.