Оны сөндіруге құтқарушылар тікұшақ жұмылдырды
Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Қоқмойын шатқалында ірі далалық өрт шықты. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ ресми мәліметіне сілтеме жасап.
Өрт таулы аймақта басталып, құрғақ шөптің жануынан қарқын алып, кең аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды:
«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мамандар өртті оқшаулап, жоюға бар күшін салып жатыр», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Қоқмойын шатқалы таулы, еңіс жерлерде орналасқан, бұл техника мен құтқарушылардың қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде. Өрт сөндірушілерге қиын жететін учаскелерде жұмыс істеуге тура келіп отыр.