Оқыс жағдай Шахтинск қаласында болды
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 13 жастағы қыз темір сымға аяғын іліп алып, өздігінен қозғала алмай қалған. Оқиға Белинский көшесінде тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне (ТЖМ) сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 2011 жылы туған қыз қоршаудан секірмек болған кезде аяғы металл сымға ілініп, табаны тесілген. Қыз ауырсыну салдарынан қозғала алмай, көмекке шақыруға мәжбүр болған.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы дереу жетіп, гидравликалық құралдардың көмегімен жарақат алған қызды қауіпсіз жерге шығарған.
«Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен зардап шеккен қызды абайлап босатып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», – делінген хабарламада.
Мамандар балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін ата-аналарға ескерту жасайды: