«Жүрек 18-де»: Қайрат Нұртастың ата-анасы желіні тағы шулатты

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар трендке айналған видеоны қайталап түсірді

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың ата-анасы – Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков – әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше видеомен таңғалдырды. Продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасына көңілді видео жүктеп, оқырмандарына «Жүрек 18-де» деп жазба қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қолданушылар қалай қабылдады?

Желі қолданушылары көңілді әрі позитивті видеоны бірден іліп әкетті. Комментарийлерден байқалғандай, көпшілік бұл жұптың ашық жарқын мінезіне, өмірге деген құштарлығына тәнті болған.

  • «Ой, рахаттанып күлдім»
  • «Керемет көңіл-күй сыйладыңыздар!»
  • «100 рет қарап шықтым»
  •  «Қандай әдемі қартаю!»
  • «Мұндай ата-апа бәріне үлгі болу керек!» – деп жазды желі қолданушылары.