Оқиға кешкі уақытта Тоғас көшесінде болған
Өскемен қаласындағы Тоғас көшесінде 24 шілде күні кешке жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Largus көлігінің жүргізушісі Понтон көпірінен Аязбаев көшесіне қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімге соқтығысқан.
Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.
Куәгерлердің айтуынша, аталған жол бөлігінде жарық жеткіліксіз, бұл жол-көлік оқиғасының болуына әсер етуі мүмкін.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.