Бублик Аустриядағы ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол енді нидерландтық теннисшімен кездеседі

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасын жеңіп, үздік төрттікке өтті

Ширек финалдық матчта, жауған жаңбыр салдарынан бірнеше рет тоқтаған кездесуде Бублик өзінің отандасы және Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Шевченконы сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:2.

Келесі қарсылас – Нидерланд өкілі

Жартылай финалда Бублик Нидерландтық Ботик ван де Зандсхулппен кездеседі.