Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2024 жылғы 23 шілдеде ҚР Энергетика министрлігіне қарасты құрылымда жұмыс істейтін шенеунікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы күдікке ілінді:
Аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр:
Тергеу органдары бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу аясындағы өзге ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.