Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару шаралары жүргізіліп жатыр
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті деген болжам бар. Бұл ақпаратты Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәлімет бойынша, тікұшақ жоспарлы ұшу барысында радардан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің нақты қай жерде жоғалғаны – Алматы облысының аумағында болуы мүмкін деп болжанып отыр.
Әуе қорғанысы күштерінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару шаралары жүргізіліп жатыр.
Әзірге экипаж құрамы, ұшу бағыты, жоғалған жердің нақты координаттары туралы ақпарат берілген жоқ.
Ресми органдардан қосымша мәлімет күтілуде.