Қазақстанда тасжол бойындағы санитарлық аймақтар жаңарып жатыр
Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы санитарлық тораптар ауқымды түрде жаңарып жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дархан Иманашевтың айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі трассалар бойында 744 жылу тартылмаған дәретхана (отын мен жылытусыз), 144 жылу тартылған дәретхана бар.
Іс жүзіндегі нормаларға сәйкес, ашық дәретханалар әр 25 шақырым сайын, жабық дәретханалар әр 50 шақырым сайын орнатылуы тиіс.
«Барлық жолдарды жылы санитарлық тораптармен толық қамту әзірге мүмкін емес. Себебі бюджет шектеулі және оларды күтіп ұстау қиын. Елімізде жылдың 9 айы суық. Біз жылы дәретханаларды байланыссыз жерлерге орната алмаймыз», – дейді Иманашев.
Мысалы, бір жылы дәретхананы күтіп ұстау айына шамамен 700 мың теңге тұрады. Бұл шығынның көп бөлігін шалғай арақашықтық құрайды:
«Мысалы, дәретхана базаға 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Бригада барып, тазалап қайтқанша – бұл үлкен шығын. Ал олар екінші дәретханаға жеткенше, біріншісі қайта ластанады. Сондықтан мұндай нысандарды инфрақұрылымға жақын орналастыру тиімді», – деп түсіндірді спикер.
Енді әрбір дәретханаға жеке нөмір мен QR-код орнатылады. Пайдаланушылар QR-кодты сканерлеп, арнайы чат арқылы шағым қалдыра алады.
«Біз әр дәретхананың қайда орналасқанын және оны кімнің күтіп ұстайтынын білеміз. Егер ол жалға берілген болса, ал шағым орынды болса – жалға алушыға айыппұл салынады», – дейді «ҚазАвтоЖол» мамандары.
2025 жылы жаңа санитарлық тораптар:
Келесі кезеңде – оңтүстік өңірлер мен шалғай бағыттарда жұмыс жалғасады.