Алматыда бойжеткен көпқабатты үйден секіріп көз жұмды

Автор: Аягөз Құрмаш

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылған. Марқұм оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды 

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Адам өліміне қатысты әзірге өзге ақпарат айтылған жоқ.