Атаулы әлеуметтік көмек сақталады, бірақ еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс ұсынылады
«Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) сақталады. Бұл – табысы төмен отбасыларға арналған қолдау түрі. Егер отбасында жұмыс істемейтін ана немесе әке болса, олар атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп, мемлекеттік көмек ала алады. Біздің қазіргі мақсатымыз әрбір отбасының жағдайына жеке талдау жасап, егер отбасында еңбекке қабілетті азамат болса, оны жұмыспен қамту арқылы отбасының жағдайын жақсарту», - деді Ертаев.
Ол атағандай, АӘК мұқтаж отбасыларға уақытша төленеді. Оны алып отырған адамға жұмыс тауып беру мәселесі басшылыққа алынады.
Айта кетейік, бүгін біз ресми сауалымыздың жауабы негізінде жан басына шаққандағы табысы 173 мыңнан асатын отбасылар ауқатты саналатынын жазған едік.