«Алматыгазсервис-Холдинг» компаниясының былығы әшкере болды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ қаржысын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, аяқтады. Аталған акционерлік қоғам өңірдегі тұрғындарға табиғи газ жеткізумен айналысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу материалдарына сәйкес, компания қызметкерлері тұтынушылардың газға төлеген қаражатын есептегіш құралдар арқылы тіркеп, қолма-қол жинаған. Кейін бұл қаражатты материалдық жауапты тұлғаларға өткізген.
Алайда жауапты тұлғалар бұл ақшаны заңды жолмен компания шотына аударудың орнына жеке мақсатта пайдаланған.
Төлем туралы мәліметтерді «SymphonyGAS» жүйесінде жасырып отырған.
Қылмыстық әрекетке қатысы бар деп танылғандар:
Олар 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген.
Соттың санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке тыйым салынды:
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Осыған орай, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.