Қаралы хабарды министрліктің баспасөз қызметі растады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың күйеуі Рүстем Жақыпов Сүлейменұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұм Рүстем Жақыпов 1967 жылы туған. Қаралы хабарды Светлана Жақыпова жетекшілік ететін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Айта кетейік, Светлана Жақыпова 2023 жылдың қазан айында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған.