Жауапты министрлік кәсіпкерлерге ескертті
Қазақстан азаматтарының өзен-көлдерге кедергісіз түсуіне ешкім шектеу қоя алмайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жалпы су пайдаланудың үлгілік ережесінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңадан қабылданған Су кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар азаматтардың су айдындарына еркін кіру құқығын шектей алмайды.
«Егер заңмен тікелей көзделмесе, қоршау орнату, күзет қою немесе басқа да шектеулер қоюға тыйым салынады. Осы норманың орындалуын қамтамасыз ету үшін министрлік жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекітті», – делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы су пайдалану – бұл рұқсатты қажет етпейтін қызмет. Ережеге сәйкес, азаматтар:
Жергілікті әкімдіктер жаппай демалыс орындарын айқындауға және тұрғындарға ол жайында ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар су айдындарын ластауға немесе бүлдіруге тыйым салынады. Атап айтқанда:
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша:
«Әр азамат кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ мақсаттарда су айдындарын жалпы пайдалануға құқылы. Қоршау орнатуға болмайды. Тек әкімдік ресми белгілеген жағажайларда ғана белгілі бір қызметтерге ақы алынуы мүмкін. Алайда ақы тек қызмет үшін ғана алынады, суға өту үшін емес», – дейді.