Қазақстанға әкелінетін смартфондар көлемі екі жыл қатарынан азайып келеді
Қазақстанға 2024 жылы 4,1 млн дана мобильді телефон әкелінген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 14%-ға төмен. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде хабарлады.
Смартфон жеткізілімі екінші жыл қатарынан азайып отыр: 2023 жылы елімізге 4,7 млн құрылғы жеткізілген болатын.
Министрліктің мәліметінше, негізгі экспорттаушы елдер – Қытай мен Вьетнам:
Осылайша, үш ел Қазақстанның смартфон импортының 98%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылы да төмендеу үрдісі жалғасуда
2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында Қазақстанға 1,54 млн смартфон импортталған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға төмен (1,76 млн болған).
2025 жылы импорт географиясында да өзгерістер байқалды:
Биыл Қытай мен Вьетнам Қазақстанға смартфон жеткізу көлемі бойынша теңесті. 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл екі елдің әрқайсысы елге әкелінген смартфондардың 47,5%-ын қамтамасыз еткен.