Алматы ауданындағы үш қабатты қонақүйде өрт шықты
Астананың Алматы ауданында орналасқан үш қабатты қонақүйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртке жоғары дәрежелі шақырту бойынша келген. Құтқарушылар жеткенде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт кең көлемде өршіген.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жағдайды бақылауға алу шаралары қолға алынды. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Өртті сөндіру үшін бірнеше су құрылғысы іске қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілген.
«Қазіргі уақытта өрт сөндірудің төрт учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өрттің өршуіне байланысты сөндіру жұмысы қою түтін, жоғары температура мен от жүктемесінің көптігіне байланысты күрделенуде», — деп хабарлады ТЖД.
Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-нің 80-нен астам қызметкері мен 13 арнайы техникасы жұмылдырылған.