Қытайлық жаңа көліктен ақау шықты: Түркістан облысының тұрғыны салоннан ақшасын қайтарып алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бірнеше күннен кейін-ақ көлікте ақау пайда болған

Фото: istockphoto.com

Шымкентте салоннан су жаңа қытайлық көлік сатып алған Түркістан облысының тұрғыны техникалық ақауларға байланысты кері қайтарып, құқығын қорғап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысының тұрғыны 2025 жылдың мамыр айында Шымкенттегі автосалоннан жаңа қытайлық көлік сатып алады. Бірақ көлік алғашқы күндерден-ақ мынандай ақаулар шыққан:

  • Трансмиссия;
  • Басқару электроникасы жүйесі.

Иесі бірнеше рет сервистік қызметке жүгінсе де, мәселе шешілмеген.

Автосалоннан жауап болмады – департаментке жүгінді

Көлік иесі автосалонға ресми шағым жолдап, көлікті жаңасына ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды сұрайды. Алайда автосалон нақты жауап бермеген.

Тұтынушы Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеді.

Мемлекеттік орган араласқан соң тұтынушының құқығы қорғалды

Департамент ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы аясында әрекет етті. Жағдайды жан-жақты зерделеп, тұтынушының талабын толықтай қанағаттандырды.