$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында жеңіл көлікпен соғылған ЗИЛ аударылып қалды (ВИДЕО)

Жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кеткені белгілі болды

Маңғыстау облысында жеңіл көлікпен соғылған ЗИЛ аударылып қалды. Жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні сағат 19:30 шамасында демалыс базаларының жанындағы автожолда болған. Mercedes қарсы бағытқа шығып, ЗИЛ көлігімен соқтығысқан, соның салдарынан ЗИЛ аударылып кеткен.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан 31 жастағы және 44 жастағы тұрғындар жарақат алған. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі келген. Алайда, зардап шеккен екі азамат та ауруханаға жатудан бас тартқан. Оларға аумақтық емхана дәрігерлеріне қаралу ұсынылған.

Mercedes жүргізушісі – 31 жастағы азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (Көлік құралдарын жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге мүліктің бүлінуіне әкеп соққан әрекет) әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған бап бойынша 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 9 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары