$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Чехияда коммунизмді насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Партиялар бұл шешімге қарсы шыққан

Чехияда коммунизмді насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Фото: EPA/Filip Singer

Чехия президенті Петр Павел елдің қылмыстық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес, коммунистік идеологияны насихаттау Чехияда нацистік идеологияны насихаттаумен тең деп танылады және осы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Заңда кез келген азамат «адам құқықтары мен бостандықтарын басып-жаншуға немесе нәсілдік, ұлттық, діни немесе таптық өшпенділікті қоздыруға бағытталған нацистік, коммунистік немесе басқа да қозғалыстарды құру, қолдау немесе насихаттағаны үшін» жауапкершілікке тартылатыны көрсетілген.

Бұл заңнамалық өзгерістер бірқатар чехиялық ғылыми ұйымның, оның ішінде тоталитарлық режимдерді зерттеу институтының бастамасымен қабылданды. Олар коммунизм мен нацизмге қатысты заңдық дисбалансты жою қажеттігін алға тартқан.

Богемия және Моравия коммунистік партиясы бұл бастаманы қатаң сынға алды. Еуропарламент депутаты Катержина Конечна басқаратын партия өкілдері бұл заңды «БМКП-ні заңнан тыс қалдыруға және қазіргі билікті сынаушыларды қорқытуға бағытталған сәтсіз әрекет» деп атады.

Euractiv басылымының хабарлауынша, бұл заңның БМКП сияқты саяси партияларға қалай қолданылатыны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда партияның парламентте орындары жоқ, алайда соңғы әлеуметтік сауалнамалар бойынша, БМКП одақтастары 5% дауыс жинауы мүмкін, бұл 2025 жылғы қазан айындағы сайлауда төменгі палатаға оралуға жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары