Орман заңнамасын бұзу фактілері анықталды
Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының орындалуына жүргізілген тексеріс барысында ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілерге қатысты прокурорлық қадағалау актілері жолданды.
Тексеру нәтижесінде:
Құқық бұзушылыққа жол берген орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның атқарған іс-шараларының нәтижесінде орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді. Бұл – табиғи байлықтарды қорғау бағытында жасалған маңызды қадамдардың бірі.