Тоқаев Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы заңға қол қойды

Автор: Асыл Арман

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.