Тоқаев Бельгия короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.