Ол 2007 жылдан бері баспана кезегінде тұрған
Петропавл қаласында тұратын жалғызбасты ана пәтер алу мәселесіне қатысты даулы мәселе бойынша сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Петропавл қаласының тұрғыны, кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана 2007 жылдан бері «мемлекеттік қызметкер» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде ресми кезекте тұрған.
Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін оған Ольшанка ауылындағы жалпы ауданы 20,2 шаршы метр (оның ішінде тұрғын үй алаңы – 10,5 шаршы метр) үйдің ¼ бөлігі мұра ретінде қалған.
Алайда 2023 жылы әйел үйдегі өз үлесін сыйға тарту шарты бойынша көршісіне өткізіп жібереді.
2024 жылы ол жергілікті атқарушы органның несиелік тұрғын үй бағдарламасы арқылы Петропавл қаласынан пәтер алуға мүмкіндік алады. Алайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұрын иеліктен шығарылған үй тұруға жарамды деген уәжбен, сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан. Олар бұл әрекетін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 72-бабы 2-тармағымен негіздеген.
Әйел сотқа арыздана отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін онымен сатып алу-сату шартын жасауды міндеттеуді талап еткен.
Іс материалдарын зерттеген сот мұрагерлік тұрғын үйдің:
Ал заң бойынша бір адамға кемінде 15 ш.м тұрғын үй алаңы қажет екені анықталды (75-бап, 1-тармақ).
Сондай-ақ, коммуналдық бөлім талапкердің отбасындағы әртүрлі жыныстағы балалардың барын ескермеген, бұл – заң бойынша жеке тұруына жағдай жасалу керек дегенді білдіреді.
Сот талапты қанағаттандырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімін сатып алу-сату шартын жасауды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енді.