$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте әскери борышын өтеген 86 сарбаз ЖОО грантын ұтып алды

Бұл гранттық бағдарлама – Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен бастамасы

Шымкентте әскери борышын өтеген 86 сарбаз ЖОО грантын ұтып алды
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласынан 86 сарбаз Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, мемлекеттік білім грантына ие болды. Енді олар Қазақстан жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жанболат Еспен – армиядан университетке жол ашқан жігіт

Сол жастардың бірі – Жанболат Еспен. Ол әскери борышын өтеп қана қоймай, жоғары білімге жолдама алып қайтты. Жанболат – Шымкенттен шыққан 86 грант иегерінің бірі.

Қызметке дейін әскери басқармада инспектор болып жұмыс істеген ол, армияда Қарағанды гарнизонында борышын өтеді. Бір жыл ішінде өзін жауапты, мақсаткер сарбаз ретінде көрсетіп, оң мінездемелер алып, тіпті Астанаға қызметтік іссапарға да жіберілді.

Анасы: «Ұлым армияда нағыз ер азаматқа айналды»

Жанболаттың анасы Гүлжауһар Сәрсембаева баласының жетістігіне дән риза:

«Ұлым бір жылдық қызметін абыроймен атқарып, үйге есейіп, ер жетіп оралды. Еңбегінің арқасында «Мирас» университетіне оқуға түсіп жатыр. Біз оны мақтан тұтамыз», – дейді ол.

Ердәулет Темірбаев, басқарма бастығының орынбасары:

«Жанболаттың оқиғасы – армияның болашаққа жол ашатынының жарқын мысалы. Оның табысы жүздеген жасты саналы түрде әскери қызметке баруға шабыттандырады», – деді.

Армия мен білім министрлігі бірігіп жаңа мүмкіндік ұсынды

Бұл гранттық бағдарлама – Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен бастамасы. Бағдарламаның мақсаты – әскери қызметте өздерін жақсы жағынан көрсеткен жастарды қолдау және олардың білім алуға деген жолын ашу.

Серіктес жаңалықтары