Туыстары жұрттан көмек сұрады
Маңғыстау облысында 36 жастағы Берік Беркімбаев 8 шілде күні таңертең үйінен шығып, содан бері қайта оралмаған. Туыстары ер адамның жоғалғанына алаңдаулы және ел азаматтарынан көмек сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғалған Берік Беркімбаев сұр түсті капюшоны бар жейде, қоңыр шалбар, қара көзілдірік киген.
Егер сіз оны көрген болсаңыз немесе қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі нөмірлерге хабар берулеріңізді сұраймыз:
Берік Беркімбаевтың туыстары полицияға хабарласқан. Алайда қазіргі уақытқа дейін ешқандай нақты нәтиже жоқ екенін айтады.