41 градус ыстық болады: 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«Қазгидромет» РМК 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, шаңды дауыл, екпінді жел, тұман және +41°С-қа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 20 м/с-ке дейін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады, оңтүстігінде екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Солтүстігі мен шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде – өте жоғары өрт қаупі.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі. Жел – солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда – 35°С ыстық, өте жоғары өрт қаупі.

Павлодар облысында найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел 20 м/с-ке дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында – жоғары өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетіп, +35°С ыстық болады. Облыс бойынша – жоғары өрт қаупі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 20 м/с-ке дейін.

Алматыда – өте жоғары өрт қаупі.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, шығысы мен солтүстігінде екпіні 20 м/с-ке дейін. Талдықорғанда – +35°С ыстық.

Жамбыл облысында ыстық +41°С-қа дейін күшейеді. Жел – солтүстік-шығыстан, екпіні 25 м/с-ке дейін. Өте жоғары өрт қаупі.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында +36...+41°С ыстық сақталады. Сол сияқты шаңды дауыл болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке дейін. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте – +40°С ыстық, жел 20 м/с-ке дейін.

Ақтөбе облысында +38°С-қа дейінгі ыстық күтіледі, жоғары өрт қаупі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, шығыстан, екпіні 20 м/с-ке дейін. Ыстық +38°С-қа дейін.

Атырау облысында күндіз найзағай күтіледі. Облыс бойынша +35...+39°С қатты ыстық болжанады. Өте жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы +38...+40°С-қа жетеді. Ақтауда – өте жоғары өрт қаупі.