Мөлдір Мұқан видео түсіріп, оны желіде жариялады
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мөлдір Мұқан видео түсіріп, онда сынған ыдысты бүтіндеп, су құйған сәтін жариялап, мынандай ойын қалдырды:
«Кешірші десең де – жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі, ол енді бұрынғы емес.
Кімге таныс жағдай?» - деп жазды Мөлдір Мұқан.
Ел аузында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны, бірінші әйелі Мөлдір Мұқанмен қарым-қатынасы жайлы алып-қашпа әңгіме тарап жатқанын айта кеткен жөн.
Мөлдір Мұқанның жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Мөлдір, егер сен хайп жасасаң, халықты мазақ етсең, онда сен алаяқ қатарына қосыласың. Олай елді өзіме қаратамын деп мазақтауға болмайды. Халық саған ойыншық емес айналайын», «Не деген арзан хайп», «Отбасындағы проблеманы бүкіл елге жариялау не әдет?!» - деп жазды жұрт.