$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде видео түсіріп, TikTok-та хайп жасамақ болған жас жігіт соттан бір-ақ шықты (ВИДЕО)

Жол ережесін әдейі бұзған жүргізуші ұсталды

Семейде видео түсіріп, TikTok-та хайп жасамақ болған жас жігіт соттан бір-ақ шықты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Семейде 22 жастағы жүргізуші қоғамдық тәртіпті елемей, әлеуметтік желіде хайп жинау мақсатында бірнеше жол қозғалысы ережесін (ҚҚЕ) қасақана бұзды. Ол көлік тізгінінде отырып, түрлі құқық бұзушылық әрекеттерін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолда қасақана жасалған заңбұзушылықтар

Полицияның мәліметінше, жүргізуші келесі ережелерді бұзған:

  • Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыру;
  • Қарсы бағыттағы жолаққа шығу;
  • Қызыл жарыққа өту;
  • Қауіпсіздік белдігін тақпау;
  • Ұялы телефон қолдану;
  • Көлікке заңсыз жарық құралдарын орнату;
  • Алдыңғы нөмірсіз жүру.

Құқықтық жауапкершілікке тартылды

Барлық құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың бір бөлігі сотқа жолданады. Жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылуы және айыппұл төлеуі ықтимал.

Полиция ескерту жасады: Жол – хайп үшін емес!

Құқық қорғау органдары азаматтарға ескерту жасайды:

«Жол – хайп жинайтын орын емес! Мұндай әрекеттер тек жүргізушінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, заң бұзғандар қатаң жазаланады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #TikTok #хайп